Жедел жәрдем медициналық көмек көрсетіп үлгермеді

800

Кондиционер орнатып жүрген Орал қаласының тұрғыны тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Ол жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. 

Жедел жәрдем медициналық көмек көрсетіп үлгермеді

Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 20:00 шамасында алтыншы шағын ауданда тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған адам әріптесімен бірге кондиционер орнатып жүрген. Қауіпсіздік шарасын сақтамауының салдарынан аяғы тайып, 9 қабаттан жерге құлаған. 

"Бізге Қонаев көшесіндегі №56 үйдің ауласында оқыс оқиға орын алғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Тоғызыншы қабаттан құлағана адам жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу