ЖЕЭК отырысы сәуір айында Бішкекте өтеді

731

ЖЕЭК отырысы сәуір айында Бішкекте өтеді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысына дайындық аясында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің (ЕАЭК) бейнеконференция режимінде өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

ЕуразЭК-тің кедендік кодексін тиімді жүзеге асыру мақсатында ЖЕЭК отырысында қарастыру үшін кедендік әкімшілендіру саласында бірқатар актіні бекіту бойынша комиссия алқасы мен кеңесі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты ЕАЭК жұмысының регламентіне түзету енгізуді кеңес мүшелері мақұлдады.

Мемлекет басшыларының қарауына енгізу үшін Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары мақұлданды. Онда ЕуразЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының тиімділігін арттыру үшін ұсыныс енгізілген.

ЕАЭК кеңесінің мүшелері халықаралық ынтымақтастық мәселелері төңірегінде бірқатар сұрақты талқылады. Негізінен Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға бағытталған консультациялар өткізіліп, "Кеден одағы комиссиясының кей шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімді қарастырды.

ЕАЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамытуына бағытталған барлық сұрақ бойынша өзара тиімді шешімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу