ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі бір жылда 21%-ға артты

525

2022 жылдың аяғында елде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген қуаты 2,4 мың МВт-ты құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 18,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom порталына сілтеме жасап.  

ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі бір жылда 21%-ға артты Фото: gov.kz

Оның ішінде 1,1 мың МВт күн электр станцияларына тиесілі. Жел электр станцияларының қуаты – 958 МВТ, шағын ГЭС – 280 МВт, биоэлектростанциялар қуаты 1,8 МВт құрады.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі 5,1 млрд кВт•сағ құрады, жылдық өсім – 21,1%.

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясының үлесі – 4,5%. Ресурстың жазуынша, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 7%-ға, ал 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс.

ЖЭК нысандары арасында электр энергиясы өндірісінің басым бөлігі жел электр станцияларына тиесілі: 2,4 млрд кВт•сағ. Одан кейінгі орындарда күн электр станциялары (1,8 млрд кВт•сағ), шағын ГЭС (934 млн кВт•сағ), биоэлектростанциялар (2 млн кВт•сағ) тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу