ЖЭК салу бойынша жобаларды іріктеудің алғашқы бәссаудасы өтеді

668

ЖЭК салу бойынша жобаларды іріктеудің алғашқы бәссаудасы өтеді

ЖЭК салу бойынша жобаларды іріктеудің бірінші аукциондық саудасы өтеді. Бұл туралы АЭФ аясында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Министрдің айтуынша алдағы аптада, 2018 жылғы 23 мамырда жаңғыратын энергия көздерін (ЖЭК) салу бойынша жобаларды іріктеудің бірінші аукциондық саудасы өтеді. Көктемде және күзде өтетін аукциондардың екі сесиясы кезінде ЖЭК-тердің 1 ГВт қуаттылығы саудаға шығарылады. Аукциондар жеңімпаздарымен қалпына келетін қуат көздерінен өндірілген электрді сатып алу жөнінде 15 жылдық кепілді офф-тейк контракті бекітіледі. Олар үшін осынша қуатты ЖЭК-терден бірыңғай сатып алушы болып табылатын "Қаржылық-есептік орталық" жинайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу