Жеке адамның самокатын бақылау мүмкін емес – полиция

481

Бүгін Сенат самокатқа қатысты заңды қабылдады.

Жеке адамның самокатын бақылау мүмкін емес – полиция Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа заң жақын уақытта қабылданып қалуы әбден мүмкін. Дегенмен шикі тұстары барын депутаттар да, тәртіп сақшылары да жоққа шығармайды. Әсіресе, жеке адамдардың иелігіндегі самокаттарға қатысты сұрақ көп. Мәселен компаниялар жалға беретін электр самокаттарының жылдамдығы автоматты түрде бақыланады. Ал жеке тұлғалар тізгіндеген электронды көлік құралын бақылау мүмкін емес.

"Расында да оны бақылау техникалық тұрғыда мүмкін емес деп айтуға болады. Өйткені қазір полицияда ондай технологиялар әзірге жоқ. Жол апаты болған жағдайда, полиция оқиға орнында арнайы сараптама жасайды. Сол арқылы самокаттың жылдамдығын анықтап, жүргізушіні жауапқа тартуға болады", - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу