Жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік жоқ

Кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беріледі.  

Жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік жоқ Фото: google

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін активтерді басқарушы компанияларға аудару құқығы берілетінін еске салды. Инвесторлар мұндай компанияны өз бетінше таңдай алады.

"Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі. Бұл ретте, Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті жинақтың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу