Жеке кәсіпкерлердің міндетті төлемдері өседі

253

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Жеке кәсіпкерлердің міндетті төлемдері өседі Фото: baq.kz

Осыған байланысты жеке кәсіпкерлердің өздері үшін төлейтін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдері де артады, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Mybuh.kz мәліметінше, ең төменгі жалақының өсуі жеке кәсіпкерлердің міндетті төлемдеріне тікелей әсер етеді.

Егер зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) және әлеуметтік аударымдар үшін есептеу базасы 1 ЕТЖ, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары үшін 1,4 ЕТЖ көлемінде белгіленсе, төлемдер мынадай болады:

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 8 500 теңгеден 11 мың теңгеге дейін;
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – 2 975 теңгеден 4 950 теңгеге дейін. Бұл ретте жарна мөлшерлемесі 4,5%-ға дейін өседі;
  • Әлеуметтік аударымдар – 4 300 теңгеден 5 500 теңгеге дейін;
  • МӘМС жарналары – 5 950 теңгеден 7 700 теңгеге дейін.

Осылайша, ең төменгі есептеу базасы бойынша жеке кәсіпкердің ай сайынғы міндетті төлемдері 21 725 теңгеден 29 150 теңгеге дейін өседі. Айырмашылық – 7475 теңге.

Дегенмен нақты төлем сомасы кәсіпкердің табысына және қолданыстағы есептеу тәртібіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу