Жеке қожалықтарға 8 млн теңге өтемақы төленеді

756

Ол үшін қырылып қалған 13 мыңға жуық қанаттыға құжаттар әзірленген. 

Жеке қожалықтарға 8 млн теңге өтемақы төленеді

Бұл туралы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлім етті. Оның сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі алып қойылатын және жойылатын құстардың орташа нарықтық құнын есептеуге кіріскен.  

"2020 жылғы 7 қазанда облыс әкімдіктеріне құс тұмауынан қырылып қалған құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін иелеріне құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде көмек көрсету туралы хат жолдадық. Өтемақы үшін жеке аулаларда 12 968 құс басына құжаттар дайындалды. Ал Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті "РЭО" РММ – 2020 жылғы 9 қазанда қазынашылық арқылы 64 153 570 теңге сомасында қаражат жіберді. Қазынашылық шоттарды өңдеуді үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады", – деді комитет төрағасының міндетін атқарушы. 

2020 жылы 11 қазандағы жағдай бойынша өтем алу үшін 2 585 жеке аула иесі құс басына құжаттар тапсырған. Оларға 8 878 364 теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу