Жеке таксилер мен такси парктерінің табысы азайған

1105

Жеке таксилер мен такси парктерінің табысы азайған

Қазақстандықтар такси қызметін аз қолданып, қоғамдық көліктермен көбірек жүруді жөн көретін болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салыстырмалы түрде автобустардың жолаушы тасымалдауы жылына 1,2%-ға артқан, ал экологиялық троллейбустар былтырғымен салыстырғанда 28,6%-ға көп адам тасымалдаған.

2 айдың ішінде такси жүргізушілері 615 миллион жолаушыны тасыған - бұл өткен жылдан 0,7%-ға аз. Осылайша, статистика комитетінің дерегі бойынша әрбір еңбекке жарамды қазақстандық күн сайын орта есеппен таксимен 1,2 сапар жасайды.

Тасымалданған жолаушылар санының азаюына қарамастан, жолаушылар айналымы бір жылдың ішінде 68% -ға, 11,4 млрд жолаушы-шақырымға артты.

Жеке таксилер мен такси парктерінің табыстары бір жылдың ішінде бірден 30,8%-ға, 175,8 млн теңгеге қысқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу