Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеу мерзімі 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі 2022 жылғы 3 қазанға ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсім пұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады.

Есептелген салық сомасын "kgd.gov.kz" сайтында және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы – ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін "e-Salyq Azamat" (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы → Электрондық сервистер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу