Жеке үйлер саудасы бәсеңдеді

839

Жеке үйлер саудасы бәсеңдеді

Елде баспана саудасы бір жыл ішінде 5 пайызға бәсеңдеді. Әсіресе жеке үйлерге сұраныс төмендеген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Energyprom.kz зерттеулері бойынша, қазақстандықтар жеке үйге ақша салуға асығар емес. Сондықтан сауда-саттық бір жылда 15 пайызға кеміген.

Наурыз айында 16 800 сауда-саттық келісімі жасалған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,6 пайызға төмен.

Үй сатып алу келісімінің 16 пайызы Астанада, 13 пайызы Алматыда жасалған. Қарағанды облысында 2 мыңдай сауда-саттық тіркелген.  

Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын күтіп отырғанын болжайды. Ипотекалық несие жылдың ортасына қарай дайын болмақ. Ол қазақстандықтардың 20 пайыздық алғашқы жарна құйып, 7 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін несие алуына мүмкіндік береді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу