Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны

Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (105,4%-ға немесе 467 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (22,6%-ға немесе 383  мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі. 

Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны Фото: FinGramota.kz

2023 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 342 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,2%-ға көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға артық.

Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (105,4%-ға немесе 467 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (22,6%-ға немесе 383  мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы сәуірде 84,2 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 4 айда барлығы  322,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу