Ақмоншақ Нұртаза – әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билет ұтып алған, әлеуметтік желіде өте белсенді болған мектеп директоры, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен бірге Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" әніне арнайы түсірген видеосы көп қаралым жинап, қоғамда кеңінен тарады.
Соңғы айларда журналистерге бірнеше рет сұхбат беріп үлгерген ұстаз осылайша қызметтен кететінін білдірген. Ақмоншақ Нұртаза мектепте оқушыларымен жиі видео түсіру арқылы танылды.
Жоғары сынып оқушыларымен сырласып, өзінің "Директормен шай" атты жобасын да бастаған-ды.
Оның жұмысына қатысты ел-жұрттың пікірі қақ жарылып отыр. Бірі оны "заманға бейімделген, креативті басшы" десе, "өзін директорлық қызметке сай ұстамайды" деп сынағандар да табылды.