Желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы таралды

187

Маңғыстау облыстық полиция департаменті лифтіде әйелді ұрған күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы таралды Фото: бейнеден

Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады. 

"Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция өкілі.

Сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылғаны белгілі болды. 

Бұған дейін Қарағандыда ер адам кәмелетке толмаған балаларының көзінше бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу