Желіде Семейдегі әскери лицей тәрбиеленушісі соққыға жығылған сәттің видеосы тарады

393

Абай облысының білім басқармасы аталған жайттарға қатысты пікір білдірді.

Желіде Семейдегі әскери лицей тәрбиеленушісі соққыға жығылған сәттің видеосы тарады Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Семейдегі “Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы “Жас-Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында”тәрбиеленушілер мен офицер арасында болған оқиғаның бейнежазбасы тарады. Оқиғаның екеуі де былтыр болған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 3 ақпан күні әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланы 91-взвод ұланына соққы берген бейнежазба, бұдан бөлек офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. 

“Аталған фактілер өткен жылдың қазан айында болды. Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталып, кінәлілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылған. 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу