Желтоқсанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Валюта нарығында жағдай тұрақты болды.  

Желтоқсанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ Фото: egemen.kz

Бұл туралы өткен жылдың қорытындысы мен 2023 жылы қаржы нарығын дамыту перспективалары туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың сұхбатында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Желтоқсанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, валюта нарығы теңгерімді болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары бір ай ішінде шамамен 328,7 млн АҚШ долларын сатты, Ұлттық қордан трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ доллары конвертацияланды. Желтоқсанда зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін биржада 43,2 млн АҚШ доллары сатып алынды. 2023 жылы біз валютаны кезең-кезеңімен сатып алуды жалғастыра бермекпіз, алайда, ол операциялар валюта нарығында қолайлы жағдайлар болғанда нарықтық бейтараптық қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады", – деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу