Желтоқсанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 39,4 млрд теңгені құрады

Желтоқсанда салымшылардың зейнетақы жинақтары 260,3 млрд теңгеге немесе айлық көрсеткіште 1,8%-ға ұлғайып, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 663,4 млрд теңге болды.

Желтоқсанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 39,4 млрд теңгені құрады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы туралы есебінде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 7 793,4 млрд теңгеге дейін 104,6 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 млн шот болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу