Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Арал ауданының халқына су тартылды

292

Ауданда алғаш рет қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа су жүйелері пайдалануға берілді.  

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Арал ауданының халқына су тартылды Фото: Қызылорда облыстық әкімдігі

Қызылорда облысының Тоқабай және Ерімбетжаға ауылдарында жаңа су жүйелерінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік нысандар прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы 1000-нан астам аудан тұрғынының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Осыған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ауызсу нысандарының іске қосылуы мемлекетке қайтарылған активтердің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді пайдаланылуының жарқын дәлелі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу