Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен 89 мың оқушы орнына арналған 81 мектеп пайдалануға берілді. Нысандардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру ұйымының құрылысы қаржыландырылды.