Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды

387

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды Фото: inbusiness.kz

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.

Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу