Жемқорлық әрекеті дәлелденгендер сайлана алмайды – Конституциялық реформа

303

Кейбір азаматтар сайлауға, республикалық референдумға қатыса алмайды.

Жемқорлық әрекеті дәлелденгендер сайлана алмайды – Конституциялық реформа  Фото: Конституциялық сот

Сенатор Нұрлан Бекназаров Астанада өткен Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, маңызды ұсыныстардың бірі – сайлауға қатысу және сайлану құқықтарына қатысты норма нақтыланды. 

"Атап айтсам, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы ҚР азаматтарының сайлауға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқықбұзушылық жасауда кінәсі сотта белгіленген тәртіппен таныған азаматтардың сайлануға құқығы болмайды", – деді Сенат депутаты.  

Бұл – жаңашыл нормадағы ерекше назар аударатын түзету, деді Нұрлан Бекназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу