Жемқорлық фактісі туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге сыйақы берілген

708

Жемқорлыққа фактісіне қатысты ақпарат бергендер 12 миллион теңге көлемінде сыйақы алған

  Жемқорлық фактісі туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге сыйақы берілген

Соңғы жарты жылда жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтар 12 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ол eGov сайтындағы сұрақ-жауап бөлімінде жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын ашып айтқан. Әсіресе қылмыс туралы ақпарат бергендер 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы ала алады екен. Ол үшін тиісті ақпарат  Ұлттық бюроға түсуі керек.

Дәл осылай өткен жылы еліміздегі 226 адамға 30 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу