Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға сыйақы берілді

961

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жемқорлық туралы хабарлаған 2 адамға 1,2 млн теңге сыйақы берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға сыйақы берілді Фото: canva.com

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Арман Рахимовтың айтуынша, жыл басынан бері жемқорлықпен күреске бағытталған 66 іс-шара өтті.

Оған 5 мыңнан астам адам қатысты.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – біздегі басты басымдықтың бірі. Біз алдын алу, ағарту және азаматтық жауапкершілікке ерекше мән береміз, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы аясында Алматыда 262 ерікті жұмыс істейді.

– Бұл жоба жастар арасында ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын насихаттайтын тиімді алаңға айналды, – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, биыл сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған екі адам 1,2 млн теңге сыйақы алғанын тілге тиек етті.

– 2024 жылы барлығы 9 азамат марапатталып, олардың алтауы 5,2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды, – деді департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу