Жемқорлық үшін жазаны өтеу шарттары өзгереді

696

Аса ірі мөлшерде пара алған немесе берген адамдар – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберіледі.

Жемқорлық үшін жазаны өтеу шарттары өзгереді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриыингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов осылай деп мәлімдеді. 

"Парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, яғни 50-ден 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін және ірі көлемде - 3000-нан 10000 айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде пара алу және беру бойынша істі болған құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болғандар –жазасын өтеуге қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде, яғни 10000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары пара алған немесе берген адамдар – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберілетін болады", - деді Олжас Бектенов.

Осылайша, мұндай санаттағы адамдарға барынша қолайлы жағдайда жазасын өтеуге құқықтық тосқауыл қойылды. Енді олар қоныс-колонияға ауысу үшін тағайындалған жазаның бір бөлігін түзеу мекемелерінде өтеуге тиіс.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу