Жемқорлыққа барған 24 қызметкерге үкім шықты

742

Жемқорлыққа барған 24 қызметкерге үкім шықты

Көкшетауда алаяқтық жасады деп айып тағылған мемлекеттік органның 24 қызметкерінің үстінен үкім шықты. Олар Целиноград ауданындағы жер телімдерін заңсыз бөлген, деп хабарлайды 24.kz.

Кейбір қызметкерлердің алаяқтық жасағаны дәлелденіп отыр. Екі жыл бұрын болған атышулы іске енді ғана нүкте қойылды. Судьялардың айтуына қарағанда мемлекеттік қызметкерлер жалған құжаттар негізінде Целиноград ауданына қарасты бірнеше ауылдың жер телімдерін пара бергендерге үлестіріп келген.

"Сотқа 24 адамның ісі берілген болатын, оның бесеуі ақталса, 19-ы бас бостандығынан айырылу, айыппұл секілді түрлі жазаға тартылды. Ең қатаң жаза Төлегеноваға тағайындалды, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 13 адам ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында алаяқтық іспен айналысты деп айыпталған болатын, 13-тің тек үшеуі кінәлі деп танылып, 10 адам ақталды", - дейді  ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы Арлан Қосжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу