Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық "Адал адамдарды" марапаттады

233

"Atameken business" жылдың ең үздік телеарнасы атанды. 

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық "Адал адамдарды" марапаттады Фото: pixabay.com

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық жылдағы дәстүрінен қалыс қалмады. Халықаралық жемқорлықпен күрес күні аясында, "Адал адам" номинациясы бойынша бірнеше қызметкерлер марапатқа ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы, 10 жыл бұрын жұмысын бастаған үкіметтік емес ұйым, қоғамдағы парақорлықтың алдын алып, онымен күресу мақсатында құрылған.

Қазіргі таңда, еліміздің бірнеше аймағында бөлімдері бар медиа орталықта қырықтан астам белсенді қызметкер жұмыс істейді. Яғни, олар күнде халық арасындағы заңсыздықтарды анықтап, оны жою үшін мемлекеттік органдарға идея ұсынып жүрген алғашқы медиа орталық болып табылады.

Бір қызығы, қоғамдағы жемқорлықпен олар тегін күреседі. Ол үшін айлық алмайды. Сондықтан, медиа орталықтың әрбір мүшесі мұны "азаматтық парыз" деп санайды.

"Мен сияқты азаматтар өмірін сондайға арнаған. Айта берсек, әшкерелеген қылмыстарымыз өте көп. Ол енді адам құқығына байланысты. Мысалы, көптеген биліктегі орындар жеке адамдардың мұқтаждықтарын шешпейді. Жер болсын, басқа болсын. Заңсыздық. Қай жерде заңсыздық бар, сол жерде жүреміз", - деп түсіндірді Жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың мүшесі, Нұржан Есмаханов.

Биыл да медиа орталық жыл бойы жемқорлықпен күрес жолында ат салысып жүрген белсенділерді анықтап, "Адал адам" марапатын ұсынды. Оның ішінде, түрлі саладағы қызметкерлер бар. Бірақ, барлығының мақсаты бір. Сонымен қатар, кеште қарапайым қатардағы адамдардан бастап, журналистер, депутаттар, құқық қорғау саласының мамандары да атаусыз қалмады.

Сондай-ақ, қоғамдағы жемқорлық мәселесін үнемі қозғап, халық назарына ұсынып жүрген "Atameken business" арнасы "жылдың ең үздік телеарнасы" номинациясын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу