Жемқорлыққа қатысты қылмыстар саны артып келеді

757

Биылғы жылы пара беру бойынша жауапқа тартылғандардың 20%-ы – мемлекеттік қызметкерлер. 

Жемқорлыққа қатысты қылмыстар саны артып келеді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. 

"2017 жылдан 2020 жылдың маусымына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру фактісі бойынша 1 мыңнан астам қылмыс тіркеген. Соңғы үш жылдағы көрсеткіштерге көз жүргіртсек жемқорлыққа қатысты қылмыстар саны жылдан жылға артып келе жатқанын байқауға болады. 2018 жылы пара беру фактісі бойынша 232 заң бұзушылық тіркелсек, 2019 жылы оның саны артып, 342 қылмысқа жетті. Пара бергені үшін 586 адам істі болды. Оның 154-і бас бостандығынан айрылса, 377-і айыппұл төледі, ал 67 адамның бас бостандығы шектелді", – деген ол биылғы жылғы деректерге тоқталды. 

"2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандардың 20%-ы, яғни, 22 адам мемлекеттік қызметкерлер. Олар істі болумен қатар қызметінен босатылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Сонымен қатар біздің зерттеуіміз барысында жемқорлыққа баратындардың басым бөлігі жеке компания өкілдері екені анықталды", – деді Данияр Биғайдаров. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу