Жемшөп мәселесі мал шаруашылығына тежеу болып отыр

972

Дайын жемшөп өндірісі азайды. Бұл мал шаруашылығын дамыту мен өнім өндіруге тежеу болып отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Жемшөп мәселесі мал шаруашылығына тежеу болып отыр

Қаңтар – сәуір айларында мал шаруашылығында 909,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Саладағы нақты өсім 2%-ға жетті.

Алматы облысы көш басында (145,9 млрд тг). Нақты мәнде бір жыл ішінде 3,5% өсім бар. 

Одан кейін Түркістан облысы (123,5 млрд тг, жылына 1,6%) және Шығыс Қазақстан облысы (109,7 млрд тг, жыллына 5,9%) тұр.

Жалпы 2021 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,1 трлн теңге болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 3,6%-ға артық.

Биыл 1 мамырына қарай Қазақстанда негізгі мал түрлерінің саны өсті, тек ешкі (жылына минус 1,3%, 3,1 млн басқа дейін) және шошқа (жылына минус 5,2%, 892,5 мың басқа дейін) азайған.

Жылқы саны бір жылда 10,8%, 3,9 млн бас, түйе – 6,2%, 272 мың бас, ірі қара мал – 4,5%, 9,7 мың бас (оның ішінде сиыр – 5%, 4,3 мың бас), қой – 4%, 24 мың бас, құс – 3,7%, 47,1 мың басқа дейін өсті.

Қаңтар-сәуір айларында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру оң нәтиже беруде. Тауық жұмыртқасы өндірісі, тірі және сойып өткізген мал, сиыр сауу, ірі жануарлардың терілерін өндіру, ұсақ жануарлардың терілерін өндіру көрсеткіштері айтарлықтай өскен. 

Мал басы артты, дегенмен өлуі де көбейген. Мәселен, жылқы өлуі бір жылда бірден 37,8%-ға, 1,9 мың басқа дейін, түйе — 33,9%-ға, 328 басқа дейін, ешкі — 5,6%-ға, 548 басқа дейін, ІҚМ-3,9%-ға, 7,1 мың басқа дейін, қой – 2,2%-ға, 13,9 мың басқа дейін жетті. Ал шошқа өлімі бір жылда бірден 32,7%, 10,2 мың басқа дейін азайған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының салыстырмалы түрде тұрақты дамып келе жатқан саласы ретінде сипатталады.

Сонымен қатар мал шаруашылығы саласының даму қарқыны көңіл көншітерлік күйінде қалып отыр. Мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатар түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр, атап айтқанда, құс еті, терең өңделген ет және сүт өнімдері бойынша. Мал шаруашылығын жедел дамыту мен оның өнімділігін арттырудың басты тежеуші факторы – жемшөп базасының жеткіліксіздігі.

Биыл қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша елде ауыл шаруашылығы жануарлары үшін 650,2 мың тонна дайын жемшөп өндірілді – бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,1%-ға аз.

Өндірістің ең үлкен көлемі Алматы облысына тиесілі (177,1 мың тонна). Содан кейін Ақмола (101,1 мың тонна) және Ақтөбе (92,9 мың тонна) облыстарында.

Сәуірде бір тонна ірі қара мал өнімін (тірі салмақта) өндірушілердің орташа бағасы 904,6 мың теңге, жылқы – 938,5 мың теңгені, түйе – 987,5 мың теңгені, қой – 850,2 мың теңгені, шошқа – 680,9 мың теңгені, үй құсы – 681 мың теңге болды.

Өндірушілер бір тонна шикі сиыр сүтін 160,2 мың теңгеге, бие сүтін 770,5 мың теңгеге, түйе сүтін 715,1 мың теңгеге сатты. Бір тонна балдың құны 1,3 млн теңге, бір мың тауық жұмыртқасы — 29,3 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу