Женевада Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

951

Женевада Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Женева қаласында Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерация арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай Қазақстан елшілігі құрметті консулдығының ресми ашылуын өткізді. Аталған іс-шараларға ресми және іскер топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария сыртқы істер департаментінің протокол басшысы елші Мауро Рейна және Қазақстанның Женевадағы құрметті консулы Жан-Поль Периа сөз сөйледі.

Швейцария Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. 2005 жылдан бері швейцариялық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 19 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық нарықта ABB", "Philip Morris", "Glencore", "Nestlé", "Roche", "Novartis", "Syngenta", "Bühler" және тағы басқа швейцариялық компаниялар кеңінен ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу