Жеңгетайлық жасаған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

545

Күдікті халықаралық іздеуде болған.

Жеңгетайлық жасаған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды Фото: ҚР Бас прокуратурасы telegram

Қазақстанға ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы қызмет көрсететін адамдардың сауалнамаларын Kyzdar.net интернет-ресурсында жарнамалаумен айналысқан.

Олар аталған сайттағы сауалнамалардың шоттарын толықтыруға өтінімдер қабылдап, көрсетілген қызметтерді ілгерілеткен. Түскен қаражаттан комиссиялық сыйақыны ұстап қалып, қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған.

Қылмыстық топтың бірқатар мүшесі бұған дейін әртүрлі мерзімге сотталған. Ал күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ол биыл шілдеде Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.

Күдіктіге тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу