Жеңіл атлетикадан әйелдер құрамасы алтын медальмен қош айтысты

541

Жеңіл атлетикадан әйелдер құрамасы алтын медальмен қош айтысты

Қазақстанның жеңіл атлетикадан әйелдер құрамасы Тайбае  Универсиадасындағы "алтынынан" айырылды, деп хабарлады КазТаг.
Құрамында Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Римма Кашафутдинова және  Светлана Голендова бар жеңіл атлеттер командасы 100 метрлік 4 эстафетада бірінші болып келді. Алайда жолдың шетіне шығып кеткені үшін мәреден кейін жарыстан шығарылды.    
Нәтижесінде алтын медаль Швейцарияға, күміс - Польшаға, қола – Жапонияға бұйырды.
Еске салсақ, дүниежүзілік Универсиада Тайбаеде 19-30 тамыз аралығында өтіп жатыр. Жарыс спорттың 22 түрі бойынша өтуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу