Жеңілдетілген автокредит алу жеңілдейді

2047

Енді жеңілдетілген автокредитке өтінім берген кезде алатын көліктің VIN-кодын көрсету міндетті емес. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жеңілдетілген автокредит алу жеңілдейді

Оның айтуынша, алғашында жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша берілетін көліктің VIN-коды міндетті түрде көрсетіледі деп талап қойылған. 

"Бұл автокредит алушыларға сәл қиындық туғызды. Осыған байланысты басшылық (Өнеркәсіпті дамыту қоры – автор) көліктерді шығарушылармен көліссөздер жүргізді. Нәтижесінде аталған бағдарлама бойынша берілетін көліктің VIN-коды көрсетілмейтін болды. Осылайша, автонесие халыққа қолжетімді болады. Енді автокредит алушы тек төлемқұжатын жасата береді, кейін көлігі автосалонға жеткізілгенде оны да алады", - деді басқарушы директор.

Айта кетейік, биыл 16 мамырдан бері аталған бағдарлама бойынша 34 көлік берілген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу