Жеңілдетілген автокредит бойынша алғашқы көлік берілді

1142

Елордада жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша алғашқы көлік берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеңілдетілген автокредит бойынша алғашқы көлік берілді

Қазақстан автобизнес қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктің иесі -  инженер Бекзат Тілеген. Биыл 16 мамырда ол аталған бағдарлама бойынша  "Банк ЦентрКредитке" көлікті бастапқы жарнасыз рәсімдеуге өтінім берген.

"Бұл күтпеген жағдай болды. Көптеген тілек білдірушінің арасында өтініш бердім. Сол күні қызымның туған күні еді. Барлық процедураны өтіп, үйге кеттім. Бірақ мен "Шевроле" менеджерлері қоңырау шалады деп ойламадым. Олар сатып алу-сату шартын жасауға болатынын айтты. Барлығына алғыс айттым. Бүгін біз көліктің кілтін алдық", - деді Бекзат Тілеген.

Айта кетейік, бүгінде бағдарламаға қатысушы банктер 31,7 млрд теңге сомаға 4290 өтінімді мақұлдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу