Жеңілдетілген автокредит көлікті қымбаттатып жібермей ме?

4130

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева жеңілдетілген автокредит бағдарламасы елде көлік бағасына әсерін тигізбейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жеңілдетілген автокредит көлікті қымбаттатып жібермей ме?

"Жоқ, көлік бағасы өзгермейді. Себебі, оның құны жеңілдетілген автокредит бағарламасына байланбаған. Барлық көлік өндіруші мен қазақстандықтардың құқығы тең... Егер қандайда бір себепке байланысты көліктің бағасы көтерілсе, автосалон оны ескертеді. Автосалонға келген әрбір тұтынушы көлікті броньға қойған кезде оның бағасы мен басқа да ақпарат толық беріледі", - деді вице-президент елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпилов та нарықтағы көлік бағасы өзгеріссіз қалады деген пікірде.

"Жеңілдетілген автокредит халық арасында автомобильге деген сұранысты арттырып, көлік бағасын өсіріп жібермей ме? Жоқ. Автодиллерлер жағдайды пайаланып, көлікті қымбаттатып жіберсе, ол дұрыс емес. Бұл мәселе бақылауда. Сондықтан көлік бағасы жеңілдетілген автокредит бағарламасына қатысты емес. Өйткені, аталған бағдарламаға бөлінген жалпы қаражат елде шығарылатын барлық көліктің тек 10% тең. Сондықтан автодиллерлер көлік бағасын өсіре алмайды", - деді директор.

Айта кетейік, бүгін елде жеңілдетілген кредит беру басталды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу