Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының жаңартылған шарттары қашан белгілі болады?

713

Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жауап берді.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының жаңартылған шарттары қашан белгілі болады? Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының жаңа шарттары 15 мамырға дейін жарияланады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл ең әуелі бағдарламаны одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Қазір Ұлттық Банктің базалық ставкасы – 16%, мұндай жағдайда автонесиелеудің 4%-дық мөлшерлемесі жақсы пайыздық ставка болып есептеледі. Сондықтан бұл бағдарлама айтарлықтай сәтті деуге келеді. Біз бағдарламаны жетілдіру жағына басымдық бердік. Талаптардың біріне алғашқы жарна енгізу кіреді", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, бүгінде министрлік осыған дейін берілген барлық несиені, орташа жалақы мөлшері қандай болғанын зерттеп жатыр. Соның негізінде  белгілі бір жалақыны белгілейміз, деді Марат Қарабаев.

Журналистер министрден "Жаңа өзгерістер үміткерлер санын азайтуды көздей ме?" деп сұрады.

"Жоқ. Барлығының қатысуға құқығы бар. Өзгерістер бағдарламаны одан әрі жетілдіру қажеттілігінен туындап отыр. Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмауы үшін жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейміз. Барлығын қарастырып, зерделеп, 15 мамырға дейін хабарлаймыз", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу