Жеңілдетілген автонесиелеу келесі айда да жалғасады

530

Бағдарлама 25 жылға жалғаспақ.  

Жеңілдетілген автонесиелеу келесі айда да жалғасады Фото: azattyq-ruhy.kz

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева арнайы баспасөз конференциясында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

"Бағдарлама ұзақмерзімді екенін атап өту керек. Келесі лимит алдағы айларда қолжетімді болады. Бүгін әртүрлі себептермен кейбір азамат үлгермеген болса, келесі айларда тапсыруға болады. Осы айда несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуы тиіс. Платформада тіркелген өтініш беруші автосалон мен банкке барып жұмыстарын жалғастырады", - деді ол.

Жанар Ибрашева атағандай, осы платформа арқылы әр қазақстандық ашық түрде ай сайын тіркеле алады.

"Тіркелген орынды сатуға және сатып алуға болмайды. Әр адам ЖСН арқылы тіркеледі, автоөндіруші мен банк осы арқылы жалғастырады. Басқа адамның атынан тіркеліп,көлік ешкім ала алмайды", - деді ол.

Бағдарлама бойынша 761 орын болған. Бағдарлама бойынша қаржыландыру 7,6 млрд теңгені құраған. Бөлінген орын толған кезде сайттағы жұмыс автоматты түрде тоқтаған.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға 761 адам үлгеріп, 18 секунда аяқталған еді. Сайтқа бір минутта 125 мың адам кірген. Ал, бүгін автонесиелендіруге өтінім бергендер 60 күннің ішінде көліктерін алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу