Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алдаған алаяққа қатысты сот шешімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа сенген азаматтар ақша аударған.
Алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады", – делінген прокуратура хабарламасында.