Жеңілдік сертификатын қаржыландыру басталды

512

Ескі көліктерін өткізіп, ақшалай өтемақы алуы тиіс жеке және заңды тұлғалар "Е-Өтініш" бірыңғай платформасы арқылы өз өтінішін жолдап, банктік деректерін көрсетуі қажет.

Жеңілдік сертификатын қаржыландыру басталды

"Жасыл даму" АҚ Үкіметтің қаулысына сай отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландырады. Бұған дейін ӨКМ "Операторы" ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді. Оған басты себеп – ӨКМ "Операторы" ЖШС-іне жүргізілген тексеру.

Ақшалай өтемақы расталған өтінімдер мен банк деректері дұрыс жіберілген өтініштер бойынша төленетін болады.

Жеңілдік сертификатын пайдаланып жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қазан айында жарияланбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу