Жеңілдікпен жол жүру құқығы берілетін ЖОО студенттерінің тізімі жасақталуда

1351

Студенттер құжаттарды Жастар ісі және студенттермен жұмыс жөніндегі деканаттарға, әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменттерге ұсына алады.

Жеңілдікпен жол жүру құқығы берілетін ЖОО студенттерінің тізімі жасақталуда Фото: sputniknews.kz

"Астана Жастары" КММ қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру құқығын беру үшін жоғары оқу орындары студенттерінің тізімін жасақтауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама операторы – "Астана жастары" ресурстық орталығы хабарлағандай, әлеуметтік көмек жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балаларына (студенттерге) ұсынылады.  

Бүгінгі таңда 757 өтінім мақұлданды, оның 309-ы – бірінші санат бойынша (жетімдер), 448-і – екінші санат бойынша (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан немесе атаулы көмек алмайтын отбасылардан шыққан, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар).

­

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу