Жеңіс Қасымбек автобустардағы жолақысы неліктен өсетінін айтты

673

Қоғамдық көліктердегі жолақысының қазіргі тарифі он жыл бұрын бекітілген.  

Жеңіс Қасымбек автобустардағы жолақысы неліктен өсетінін айтты Фото: liter.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен брифингте қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтерудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Он жыл бұрын жол ақысының тарифі 90 теңге болып қабылданды. Өздеріңізге белгілі, осы уақыт ішінде бензиннің, газдың, дизельдің, жалпы жанармайдың бағасы өскен. Жүргізушілердің жалақысы да 500 мың теңге. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш бұдан 2-3 есе төмен болған. Нақты айтқанда, бір жолаушыны тасымалдау үшін автобус парктері 300 теңгеден бастап 500 теңгеге дейін жұмсайды. Арасында 300-400 теңгені жергілікті бюджеттен субсидия ретінде беріп отырмыз. Компания бір адамды тасымалдау үшін 300-400 теңге жұмсап отыр. Расында билеттің құны осындай. Бірақ оны (ред. – жолақысы) 100 теңгенің маңайында сұрап отырмыз", - деп түсіндірді елорда әкімі.

Сөзінше, әрі қарай қоғамдық көліктердегі жол жүру құнын 90 теңге деңгейінде ұстауға мүмкіндік жоқ.

"Осыдан кейін 5-6 млрд теңге қосымша бюджетке түседі. Бұл қаражат жаңа автобустарды алуға кетеді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада қоғамдық көліктің жолақысы 18 пайызға қымбаттайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу