Жер бетінде қанша адамның сауат ашпағаны жарияланды

779

Оның үштен екісі – әйелдер.

Жер бетінде қанша адамның сауат ашпағаны жарияланды

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ересектерге білім беру жөніндегі VII халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Жер бетінде қанша адамның оқи және жаза алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әлемде 770 миллионнан астам ересек мен 126 миллиондай жас қарапайым сөз тіркестерін оқи немесе жаза алмайды", – деді ол.

Азуленің айтуынша, оның үштен екісі – әйелдер. Ол ересектерге білім беруді жаппай қамтамасыз етуге күш салып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Бұған дейін Үндістанның Керала штатының тұрғыны Куттиямма есімді кейуана104 жасқа келгенде оқып, жазуды үйренгені хабарланған болатын. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасында дүниеге келген ол тек осы жылдың сәуір айында сауатын ашқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу