Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасы мақұлданды

1351

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасы мақұлданды

Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Кодекс жобасы салалық қауымдастықтың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленді.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР кодекс жобасында көмірсутек шикізат қорлары мен қатты пайдалы қазбалар қорлары бойынша CRIRSCO халықаралық жүйелі стандарттар есебін енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласының айқындығы мен болжамдығын жоғарылату көзделген. Ең үздік дүниежүзілік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбалар үшін келісімшарттарды оңтайландырылған тәсілмен жасау енгізілді", - деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Кодекс жобасы аясында ұсақ кен орындарында асыл металдар мен тастарды өндіруді регламенттеу мақсатында жер қойнауын пайдаланудың жаңа түрі – старательдік өндіру енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу