Жер қойнауын игеру ұтымды әдіспен жүргізілуге тиіс

1009

Жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеті – жер қойнауына ұқыптылықпен қарау. Сондықтан мұнай және газ кен орындарын игеру және барлау әдістеріне тың көзқарас қажет. 

Жер қойнауын игеру ұтымды әдіспен жүргізілуге тиіс

Бұл туралы министр Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жақында елімізде алғаш рет көмірсутегі шикізатына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған онлайн-аукцион өткізілгені белгілі. Бұл аукцион бюджетті 61 млрд теңгеге толықтырған. 

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Бұл құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекспен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. "Биыл БИОК мүшелері жақсы жұмыс істеді. Көптеген жобалар қарастырылды. Біз инвестиция тартуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды әрдайым қолдаймыз. Бірақ жер қойнауын игеру ұтымды әдіспен жүргізілуі тиіс. Жер қойнауы Қазақстанның меншігі болғандықтан оған ұқыпты болған жөн", – деді Н.Ноғаев. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовпен бірге, "Дұңға, "Қаражанбас", "Бозащы", "Қаламқас" кен орындарына, сондай-ақ Ақтау машина жасау зауытына барып, кәсіпорындардың өндірісімен танысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу