Жер қойнауын пайдалануға қатысты маңызды платформа жұмысын бастады

Бұдан былай өтінім беру мен рұқсат алу процесінің барлық кезеңі онлайн форматта жүзеге асырылмақ. 

Жер қойнауын пайдалануға қатысты маңызды платформа жұмысын бастады Фото: dingek.kz

Мұндай тосын жаңалықты Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, платформада 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал 66 мыңнан астам геологиялық есеп қолжетімді болады. Зерттелген аумақтардың 109 мың контуры карталанып, 1:50 000 масштабтағы карталау және сейсмобарлау жобаларының нәтижелері ашық жарияланады деп жоспарланған. 

– Қазіргі уақытта перспективалы учаскелерді жылдам әрі дәл болжау үшін Big Data және жасанды интеллект жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл геологиялық барлау тәуекелдерін азайтып, инвестициялық шешім қабылдауды жеңілдетеді. Бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы, яғни шамамен 4,7 млн электрондық форматқа көшірілді. Жобаны толық аяқтау 2028 жылға жоспарланған, – деді Қанат Ерубаев.

Бұған дейін елімізде геологиялық зерттеулерге 240 млрд теңге бөлінетінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу