1 шілдеден бастап Қазақстанда "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" жаңғыртылған мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Tizilim ақпараттық жүйесі нормативтік өзгерістерге сәйкес әзірленіп, сатып алу рәсімдерін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша бірыңғай номенклатуралық анықтамалығындағы (ТЖҚБН) кодтарға сәйкес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен өнім берушілер үшін tizilim.gov.kz жүйесінде тіркелу 23 маусымда басталған. 1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС-мен ТЖҚ бойынша Бірыңғай номенклатуралық анықтамалықты (ТЖҚ БНА) пайдалану абонентін алу жөнінде шарт жасасуы және жүйеге тіркелу қажет болған", – деп жазды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.