banner

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар ұсталды

699

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша тіркелді.  

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар ұсталды

Сайрамдық полицейлер жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на 102 арқылы ТО Су инспекциясынан Ақсукент ауылына қарасты Ақсу өзенінің бойында белгісіз адамдар заңсыз жер қойнауын пайдаланып қазып жатқандығы жайлы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша Сайрам АПБ-ның жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Тексеру барысында жергілікті екі тұрғын Huyndai  маркалы жүк тиегіш және "Камаз" маркалы жүк көліктерімен заңсыз тау тасын алып жатқаны анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша тіркелді. Жер қойнауын заңсыз пайдаланбақ болған құқық бұзушылардың бас шарасы келу туралы міндеттеме. Бұрын сотты болмаған. Көліктер айыптұрағына қойылды. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша экология департаментіне жолданды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу