Жерді 2035 жылы бұрын-соңды болмаған қорқынышты құбылыс күтіп тұр

928

2025 жылғы 10 шілде – биылғы ең қысқа күн болды. Ол стандартты 24 сағаттан 1,36 миллисекундқа қысқа болғанын DW басылымы хабарлады. 

Жерді 2035 жылы бұрын-соңды болмаған қорқынышты құбылыс күтіп тұр Фото: www.mozaweb.com

Ғалымдардың мәліметінше, Жер шары барған сайын жылдам айналуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

CNN Science Халықаралық Жер айналу қызметі мен АҚШ Әскери-теңіз обсерваториясына сілтеме жасап, дәл осы күннің ең қысқа тәулік болғанын жазады: 1 секундта 1000 миллисекунд бар екенін ескерсек, 1,36 миллисекунд аса елеулі болмаса да, ол телекоммуникация, спутниктер және компьютерлік жүйелердің жұмысына әсер етуі мүмкін.

1955 жылдан бері уақыт дәлдігін атомдық сағаттар анықтайды. Олар атом тербелістерінің тұрақты жиілігін тіркеп, уақытты дәл есептеуге мүмкіндік береді.

Қызығы, Жер бұрын баяу айналатын. Осы себепті 1972 жылдан бері UTC – әлемдік келісілген уақытқа 27 рет қосымша 1 секунд енгізілген. Бұл шамамен кібісе жылдағы қосымша бір күнмен салыстыруға болады. Алайда соңғы жылдары Жердің айналу жылдамдығы артқандықтан, 2016 жылдан бері бірде-бір секунд қосылған жоқ.

Енді керісінше – бір секундты алып тастау қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл тарихта алғаш рет болмақ. Мұндай өзгеріс ғаламдық цифрлық жүйелер үшін жаңа қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ғалымдар бұл жағдайды "2000 жылғы мәселе" (Y2K) жағдайына теңеп отыр – сол кезде компьютерлердің "99"-дан "00"-ге көшуінде ақау болады деп қауіптенген еді.

Тағы бір қызық жайт – жаһандық жылыну Жердің айналуын тежеп отыр. Ғалымдардың айтуынша, егер мұздар ерімегенде, бір секундты алып тастауға бұдан бұрын-ақ тура келетін еді.

Қысқа мерзімде Жердің айналу жылдамдығы Айдың тартылыс күші мен маусымдық факторларға – мысалы, жазда айналу сәл жылдамдайтынына байланысты. Ал ұзақ мерзімді нақты болжам жасау әзірге мүмкін емес. Ғалымдар бір жылдан артық кезеңге сенімді түрде жорамал жасай алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу