Жер сілкінісі алдында үй жануарлары қандай белгі берді?

477

Алабай итім бар дауысымен үре бастады.

Жер сілкінісі алдында үй жануарлары қандай белгі берді? Фото: TikTok @aldanazar.murka

Үй жануарлары жақындап келе жатқан жер сілкінісін сезіне алады, сондықтан олар алдын ала алаңдаушылықпен әрекет ете бастайды және иелеріне ол жайлы барынша белгі беруге тырысады, деп айтылады. Кеше түнде алматылықтарда үй жануарларын сынап көруге мүмкіндіктері болды. Белгілі болғандай, барлық мысықтар мен иттер жер сілкінісі кезінде қорықпаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Tengri Life порталына сілтеме жасап.

Таңертеңнен бері алматылықтар әлеуметтік желілерде түнде болған жер сілкінісінде үй жануарларының реакциясы түсірілген видеоларымен бөлісуде. Мысығының видеосымен бөліскен желі қолданушысы сол күні кешке ерте ұйықтап кеткенін айтады. Ол үй жануарының қатты мияулағанынан оянып кеткен, мысық оған бір нәрсе туралы ескертуге тырысқан.

"Сосын, 10 минуттан кейін жер сілкінісі басталды, мен оның не ескерткісі келгенін түсіндім. Шындығында, мысықтар жер сілкінісін сезетін сияқты", - деп жазды мысықтың иесі.

Сондай-ақ өзге алматылықтар да жер сілкінісі алдында үй жануарларының қандай белгі бергені туралы жазды.

"Менікі түнде жынданып, арлы-берлі жүгіріп, мияулап, киім кептіргішті төңкеріп тастады. Мен оған айқайладым, содан кейін жер сілкінісі басталды", "Қызым екеуміз тотықұстардың шуынан ояндық. Олар әдетте түнде ұйықтайды, бірақ бұл жолы олар мазасызданып шырылдады", "Біздің тотықұстар да шу шығара бастады", "Біздің алабай итіміз бар дауысымен үре бастады", "Мен иттерім қатты үре бастаған соң ояндым", - деп жазды қала тұрғындары.

Дегенмен, барлық үй жануарлары алаңдаушылық белгілерін көрсетпеген. Мәселен, жер сілкінісі болғанға дейін Алматыдағы қаңғыбас мысықтар паналау орнына келген қонақтардың барлығы тәтті  ұйқыда жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу