Алматы әкімдігі: Жер сілкінісі кезінде барлық хабарландыру штаттық режимде жұмыс істеді

66

Үрей тудырған жағдайлар байқалған жоқ.

Алматы әкімдігі: Жер сілкінісі кезінде барлық хабарландыру штаттық режимде жұмыс істеді Фото: cкрин

Алматы әкімдігі жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауға үндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындардың телефондарына Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар жіберілді, қала бойынша дауыс зорайтқыш арқылы ескерту сиреналары қосылды, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті. Алгоритмге сәйкес, адамдар ғимараттардан сыртқа шықты. 

Еске салайық, Алматыда бүгін, 4 желтоқсанда жер сілкінді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу