Жер сілкінісі кезінде отбасынан айырылған әйел ауруханада жүкті екенін білді

591

Қахраманмараштағы зілзалада күйеуі мен екі баласынан айырылып, өзі үйінді астынан ұлымен аман сау құтқарылған әйел ауруханада жүкті екенін білді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі кезінде отбасынан айырылған әйел ауруханада жүкті екенін білді Фото: Anadolu Agency

Рубейда Кечижи отбасымен тұрып жатқан 8 қабатты үй алғашқы жер сілкінісі кезінде қираған. Жолдасы бағаналардың астында қалып қаза тапқан.  2 баласын да үйінді астынан аман сау шығару мүмкін болмады.

Ал өзі жер сілкінісінің 5-күні ұлы Арас Булутпен бірге үйінді астынан құтқарылған.

- "Біз құтқару тобын күттік, бір сәт болса да үмітімді үзбедім. Құтқарушылардың дауыстарын естіп жаттым, бірақ мен оларға дауысымды естірте алмадым. Ақыры олар мені естіп, алдымен ұлымды, содан кейін мені шығарды", - деді Рубейда.

Ол үйінді астында жатқанда шөлдесе де, тамақ ішкісі келсе де сабырлық танытып, үмітін үзбеуге тырысқан. Аяқ жағында жатқан баласын өзіне тартып,  оны жылытуға барын салғанын айтты.

Үйінді астынан шығарылған соң ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер Рубейдаға аяғы ауыр екенін айтып, сүйінші хабарды жеткізеді.  Мұны естіген әйел "бұл бір жағынан қуаныш, бір жағынан ғажайып" деп сипаттады.

Қазір Рубейда Кечижи ұлымен бірге контейнерлік қалашықта тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу